Формула-1: Макс Ферстаппен Италия Гран-приінің жеңімпазы атанды
Формула-1 маусымының он алтыншы кезеңі – Италия Гран-приі әйгілі Монца автодромында өтті. Бұл кезеңде «Red Bull» командасының көшбасшысы Макс Ферстаппен көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.
Күміс жүлдені «McLaren» пилоты Ландо Норрис жеңіп алса, оның командадағы серіктесі Оскар Пиастри мәреге үшінші болып келді.
Бұл нәтижелер Ферстаппеннің чемпиондық амбицияларын тағы бір қадамға алға жылжытты. Италия Гран-приі – Формула-1 жанкүйерлері үшін нағыз драмалық әрі жылдамдыққа толы сайыс болды.
Монца Гран-приі, 16-кезең нәтижесі:
- Макс Ферстаппен («Red Bull»)
- Ландо Норрис («McLaren»)
- Оскар Пиастри («McLaren»)
- Шарль Леклер («Ferrari»)
- Джордж Расселл («Mercedes»)
- Льюис Хэмилтон («Ferrari»)
- Александр Албон («Williams»)
- Габриэль Бортолето («Sauber»)
- Андреа Кими Антонелли («Mercedes»)
- Исак Хажар («Racing Bulls»)
- Карлос Сайнс («Williams»)
- Оливер Берман («Haas»)
- Юки Цунода («Red Bull»)
- Лиам Лоусон («Racing Bulls»)
- Эстебан Окон («Haas»)
- Пьер Гасли («Alpine»)
- Франко Колапинто («Alpine»)
- Ланс Стролл («Aston Martin»)
Сонымен қатар жарысты Фернандо Алонсо («Aston Martin») және Нико Хюлькенберг («Sauber») аяқтай алмады.