Формула-1: Макс Ферстаппен АҚШ Гран-приінде жеңіске жетті
«Red Bull» командасының пилоты нидерландылық Макс Верстаппен АҚШ Гран-приін жеңіп алды.
«Трасса Америк» автодромында өткен формула-1 жарысының 19 кезеңінде Макс Ферстаппен өзінің маусымдағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді.
Финиш сызығына екінші болып «Mercedes» пилоты Льюис Хэмилтон жетсе, үшінші орын «Ferrari» спортшысы Чарльз Леклерге нәсіп еткен .
Формула-1 жарысының келесі кезеңі 28-30 қазан аралығында Мексиканың Мехико қаласындағы трассада өтеді.