Формула-1: Ландо Норрис Бразилия Гран-приінің жеңімпазы болды
Сан-Паулу қаласындағы Жозе Карлус Пасе атындағы автотрассада 2025 жылғы Формула-1 маусымының жиырма бірінші кезеңі саналатын Бразилия Гран-приі өтті.
Жарыста «McLaren» командасының өкілі Ландо Норрис жеңімпаз атанды.
«Mercedes» пилоты Андреа Кими Антонелли мәреге екінші болып келсе, «Red Bull» намысын қорғайтын Макс Ферстаппен үшінші орынды иеленді.
Сан-Паулу. Әлем чемпионаты,
21-кезең. Бразилия Гран-приі
Үздік 10 нәтижесі:
- Ландо Норрис («McLaren»)
- Андреа Кими Антонелли («Mercedes»)
- Макс Ферстаппен («Red Bull»)
- Джордж Расселл («Mercedes»)
- Оскар Пиастри («McLaren»)
- Оливер Беарман («Haas»)
- Лиам Лоусон («Racing Bulls»)
- Исак Хаджар («Racing Bulls»)
- Нико Хюлькенберг («Sauber»)
- Пьер Гасли («Alpine»)