French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1: Ландо Норрис Абу-Даби Гран-приінде жеңімпаз атанды
12:32 / 2024-12-10

Яс аралындағы «Яс Марина» трассасында Абу-Даби Гран-приі өтті.

Формула-1 маусымының жиырма төртінші кезеңінде өткен жарыста «McLaren» пилоты Ландо Норрис жеңіске жетті. 25 жастағы британдық спортшы биыл төртінші рет бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше «Ferrari» жүргізушісі Карлос Сайнс (+5,832 секунд) пен Шарль Леклер (+31,928) еншіледі.

Еске салар болсақ, биылғы маусымда «Red Bull» өкілі Макс Ферстаппен Формула-1 чемпионы атанды. 27 жастағы нидерландылық спортшы Абу-Даби Гран-приінде алтыншы орынға тұрақтады.

Норрис 2024 жылғы Формула-1 маусымының вице-чемпионы атанды. Леклер үздіктер жеке рейтингінде үшінші орында тұр. «McLaren» командасы (666 ұпай) Норристің Абу-Даби кезеңіндегі жеңісі арқасында Конструкторлар Кубогында «Ferrari» командасынан (652 ұпай) озып шықты.