Формула-1: Италия Гран-приінде Макс Ферстаппен жеңіске жетті
«Red Bull» командасының нидерландылық пилоты Макс Ферстаппен Италия Гран-приінде жеңімпаз атанды.
Формула-1 бойынша Монца автодромында өткен Италия Гран-приі аяқталды. Онда мәре сызығын бірінші Макс Ферстаппен (Red Bull) басып өтсе, екінші орын «Ferrari» жүргізушісі Чарльз Леклерге нәсіп етті. Үздік үштікті «Mercedes» жүргізушісі Карлос Сайнц қорытындылады.
Ферстаппен осылайша қатарынан бесінші жеңісіне, ал маусым басталғалы 11 жеңісіне қол жеткізді.
24 жастағы нидерландылық формула-1 шеберінің жалпы мансабындағы 31-ші жеңісі.