Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1 турнирінің Еуропадағы Гран-присі көрерменсіз өтпек
14:30 / 2020-04-18

Нидерланды, Испания және Монако Гран-прилері белгісіз мерзімге кейінге қалдырған еді


Формула-1 жарысының Ұлыбритания Гран-присі әлемдік ахуал қандай түс алуына қарамай белгіленген мерзімде өтеді. Бірақ жарыс көрерменсіз өтуі мүмкін.

Әлемдік автожарыстар арасындағы ең танымал болып табылатын Формула-1 турнирі Еуропадағы кезеңін жоспардағыдай 19 шілдеде бастайтын болады. Алайда жарысты тамашалауға ешқандай көрермен келмейді. Мұны «McLaren» командасының атқарушы директоры Зак Браун мәлімдеп: Формула-1 чемпионатының барлық Еуропалық кезеңдері бос трибуналар алдында өтеді деген.

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты Формула-1 маусымының басталуы кейінге шегеріліп, ұйымдастырушылар Нидерланды, Испания және Монако Гран-прилері белгісіз мерзімге кейінге қалдырған болатын.