Формула-1: Джордж Расселл Канада Гран-приінде жеңіске жетті
Канаданың Монреаль қаласында өткен Формула-1 жарысының оныншы кезеңінде «Мерседес» командасының өкілі Джордж Расселл топ жарды.
Екінші орынға «Ред Булл» пилоты Макс Ферстаппен, ал үшінші орынға Расселлдің командаласы Андреа Кими Антонелли тұрақтады.
Канада Гран-приі — Жиль Вильнёв атындағы автодром, Монреаль
Нәтижелер:
- Джордж Расселл («Мерседес») – 70 айналым
- Макс Ферстаппен («Ред Булл») +0,228 сек
- Андреа Кими Антонелли («Мерседес») +1,014 сек
- Оскар Пиастри («Макларен») +2,109 сек
- Шарль Леклер («Феррари») +3,442 сек
- Льюис Хэмилтон («Феррари») +10,713 сек
- Фернандо Алонсо («Астон Мартин») +10,972 сек
- Нико Хюлькенберг («Заубер») +15,364 сек
- Эстебан Окон («Хаас») — 1 айналым артта
- Карлос Сайнс («Уильямс») — 1 айналым артта
Бұл жеңіс «Мерседес» үшін маусымдағы маңызды жетістіктердің бірі саналады.