Формула-1 чемпионы реакция жылдамдығы бойынша Гиннес рекордын жаңартты
Формула-1 бұрынғы пилоты британдық Дженсон Баттон Batak жаттығудна реакция жылдамдығы бойынша Гиннестің үздік рекордын (GWR) жаңартты.
NOW Sport хабарлауынша, Batak симуляторы қол-көз координациясында реакция жылдамдығын тексеру үшін қолданылады. Сынақ субъектісі берілген уақыт ішінде кездейсоқ жыпылықтайтын жарқыраған нысандарды сөндіруі керек.
30 секундта 43 жастағы Баттон 58 нысананы сөндіре алды, ол ирандық Арша Шахранидің (56) төрт жылдық рекордын жаңартты.
Дженсон Баттон Формула-1 жарысында 2000 жылдан 2017 жылға дейін өнер көрсетті. Ол 309 Гран-приге қатысып, 2009 жылы чемпион атанды.