Формула-1 бойынша Бельгия Гран-приінде «Ред Булл» пилоты Макс Ферстаппен жеңіске жетті.
Нидерландылық спортшы кезекті жеңісінен соң 2022 жылдық маусымның турнирлік кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Қазір оның еншісінде 284 ұпай бар.
Спа-Франкоршам трассасында өткен жарыста екінші орын тағы бір «Ред Булл» командасының пилоты Серхио Переске нәсіп етсе, үздік үштікті «Феррари» жүргізушісі Карлос Сайнц қорытындылаған.
Бельгия Гран-приінен кейінгі жеке классификациялы кесте мынадай:
1. Макс Ферстаппен (Ред Булл) – 284 ұпай
2. Серхио Перес («Ред Булл») – 191
3. Шарль Леклер («Феррари») – 188
4. Карлос Сайнц («Феррари») – 171
5. Джордж Рассел («Мерседес») – 170
6. Льюис Хэмильтон («Мерседес») – 146
7. Ландо Норрис («Макларен») – 76
8. Эстебан Окон («Альпин») – 64
9. Фернандо Алонсо («Альпин») – 51
10. Валттери Боттас («Альфа Ромео») – 46
Формула-1 жарысының келесі кезеңі, Голландия Гран-приі 4 қыркүйекте Зандворт трассасында өтеді.