Формула-1 спорттық автожарысы тарихында алғаш рет 72-ші әлем чемпионатының 20-шы кезеңі – Қатардағы «Лусаил» трассасында өтті.
2004 жылы салынған автодромдағы алғашқы жарыста «Мерседес» командасының жүргізуші Льюис Хэмилтон жеңіске жетті. «Ред Булл» өкілі Макс Ферстаппен екінші орынға ие болса, «Альпин» жүргізушісі Фернандо Алонсо үздік үштікті қорытындылаған.
1. Льюис Хэмилтон («Мерседес») – 57 айналым
2. Макс Ферстаппен («Ред Булл») +25 743
3. Фернандо Алонсо («Альпин») +59 457
4. Серхио Перес («Ред Булл») +1,02,306
5. Эстебан Окон («Альпин») +1,20,570
6. Лэнс Стролл («Астон Мартин») +1,21,274
7. Карлос Саинс («Феррари») +1,21,911
8. Шарль Леклер («Феррари») +1,23,126
9. Ландо Норрис («Макларен») +1 айналым
10. Себастьян Феттель («Астон Мартин») +1
11. Пер Гасли («Альфа Таури») +1
12. Дэниел Риккардо («Макларен») +1
13. Юки Цунода («Альфа Таури») +1
14. Кими Райкконен («Альфа Ромео») +1
15. Антонио Йовинаци («Альфа Ромео») +1
16. Мик Шумахер («Хаас») +1
17. Джордж Рассел («Уильямс») +2
18. Никита Мазепин («Хаас») +2
Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қатар Гран-приі автожарыс күтізбесіне біржолата енгізіледі. Осыған орай «Лусаил» трассасымен 10 жылдық келісім-шарт жасалған.