Формула-1: 2023 жылғы маусымда жарыстар саны 24-ке жетеді
Дүниежүзілік автоспорт кеңесі Формула-1 бойынша 2023 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесін бекітті.
Тарихта алғаш рет Формула-1 чемпионатында 24 кезеңдік жарыс ұйымдастырылады. Оның бірі Лас-Вегастағы Гран-при болады. Чемпионат 5 наурызда Бахрейнде басталып, 26 қарашада Абу-Дабиде аяқталады.
«2023 жылғы Формула-1 әлем чемпионатының күнтізбесінде 24 жарыстың болуы спорттың өсуі мен жаһандық қызығушылық артуының тағы бір дәлелі. Жаңа тізбектердің қосылуы және дәстүрлі кезеңдердің сақталуы FIA-ның спортқа деген дұрыс көзқарасын көрсетеді. Мен өте қуаныштымын. 2023 жылы біз қызықты Формула-1 жарысының жаңа дәуірін енгізе аламыз», - деді FIA президенті Мохаммед бен Сулайем.