Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ford Ресей нарығынан кетті
16:40 / 2022-10-27

Американың Ford Motor компаниясы ресейлік нарықтан кетті.

Компания таратқан ресми ақпаратына сай, автоөндіруші ресейлік Sollers автомобиль тобымен бірлескен кәсіпорыннан шықты.

«Ford Motor компаниясы Ресейдегі бұрын тоқтатылған қызметінен шығуын Sollers Ford бірлескен кәсіпорнындағы 49 пайыздық үлесін сату арқылы аяқтады» делінген хабарламада.

Компания сонымен қатар Ford акциялары номиналды құны бойынша берілетінін мәлімдеп, «егер жаһандық жағдай өзгерсе, Ford бес жылға дейін өз акцияларын сатып алу мүмкіндігін сақтайды» деген.

Sollers Ford бірлескен кәсіпорны 2011 жылы құрылған. Ол Ленинград облысы мен Татарстандағы зауыттарда Ford автомобильдерінің бірнеше үлгісін, сондай-ақ Ford Transit коммерциялық жүк көліктерін шығарды. 2019 жылдан бастап Форд Ресейде жеңіл автомобильдер шығарудан бас тартып, тек Ford Transit өндірісін қалдырды. Украинамен басталған жағдайға байланысты зауыт жұмысын тоқтатылған.