Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Forbes Өзбекстанды ең жақсы туристік бағыттар тізіміне енгізді
15:22 / 2024-01-01

АҚШ-тың Forbes журналы 2024 жылы баруға тиіс әлемдегі ең жақсы туристік бағыттар туралы мақала жариялады.

Басылым Өзбекстанды 2024 жылғы саяхат үшін ең жақсы бағыттардың тізіміне енгізген. Forbes қаржы-экономикалық журналы Өзбекстанды 2024 жылы баруға болатын ең жақсы жерлердің бірі ретінде көрсетіп, оқырмандарына республикаға саяхаттауды ұсынады.

Мақалада әлемнің жетекші туристік басылымы Lonely Planet вице-президенті Том Холлдың мына сөздері келтірілген: «Өзбекстанда Жібек жолының ең жақсы сақталған тарихи ескерткіштерін, сондай-ақ тамаша тауларды және болашағы зор астанасы – Ташкентті көруге болады».

Сондай-ақ мақалада Өзбекстан аймақтарын аралау үшін ыңғайлы әрі арзан пойыз қатынасы жолға қойылғаны айтылған. «АҚШ-тан Өзбекстанға саяхатшылар үшін Нью-Йорк қаласынан аптасына бірнеше тікелей рейстер ашылды. Сондай-ақ Сеул мен Ыстамбұл арқылы жүру туристерге қолайлылық туғызады», - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, Forbes Өзбекстанды 2022 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 жердің тізіміне енгізген еді.