Forbes: Өзбекстанда алғаш рет алтын өндірісі 100 тоннадан асты
Forbes журналы алтын өндіретін үздік елдердің рейтингін жариялады. Онда Өзбекстан 8-орынан бой көрсеткен.
Басылым хабарындағы дерекке сай, елдегі алтын өндірісі бір жылда 101,6 тоннаға жеткені айтылған. 2020 жыл қорытындысы бойынша, әлемдік алтын өндірісі 3478,1 тоннаны құрады.
Осы статистикаға орай рейтингте Қытай бірінші орында. Ол бір жылда 368,3 тонна алтын өндірген.
Ал, Ресей (331,1 тонна), Австралия (327,8 т), АҚШ (190,2 т), Канада (170,6 т) және Гана (138,7 т) алтын өндіретін ең үздік елдер қатарында болса, Бразилия мемлекеті 7-орынға көтерілді.
Бұл ретте Өзбекстаннан кейінгі кезекте Мексика (101,6 т), Индонезия (100,9 т) алтын қазып алған.