Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Forbes: Шавкат Мирзияев Президент болғалы Өзбекстанда таңғажайып өзгерістер орын алды
18:08 / 2021-04-15

Әлемге әйгілі Forbes журналында Өзбекстан жайлы кең көлемді мақала жарық көріп, онда Орталық Азия соңғы 200 жыл ішінде алғаш рет әлем назарын аударғаны жайлы баяндалған.

Мақала авторы Малик Кайланның жазуынша, Ауғанстандағы толқулар легі болашаққа қауіп төндіруі мүмкін дейді. Мұндай жағдайда Өзбекстан Ауғанстанға ерекше ықпал ететін болғандықтан, Батыс елдері республикаға көмектесу ықыласын танытуда.

«Жібек жолы елдері сыртқы күштердің ықпалынсыз-ақ, «өз тағдырын бағыттаушысы» болудың нақты мүмкіндігі бар. Алайда, бұл барлық аймақтық және жаһандық күштер бірікпейінше бұл мүмкіндік жоққа шығуы мүмкін» делінген жазбада.

Өзбекстанның Ауғанстанға деген қолашықтық ықпалынан бөлек, Батысты арзан шикізатпен яғни мұнай, газ, алтын мен уранға дейін қамтамасыз ете алатын мүмкіндікке ие, деп айтылады.

«Дәл қазіргі сәтте Қытай компаниялары Қазақстандағы мұнай өндірісінің төрттен бірін және Түркменстанның газ экспорты көлемінің жартысынан астамына иелік етуде. Сонымен қатар, Тәжікстан мен Қырғызстанның үкіметтік қарыздарының 49 және 36 пайызына ие жалғыз ірі несие беруші ел болып табылады. Мұндай жағдайда болашаққа деген жалғыз үміт сәулесі Өзбекстаннан көрінуде», - дейді автор.

Өзбекстан үкіметі қоғамның консервативті тобына әсер етпей, халықтың өмірін саналы түрде ырықтандырудың маңыздылығы айтылған.

«Президент болғаннан бері Шавкат Мирзияев Өзбекстанда керемет өзгерістер жасады. Мемлекет басшысы ретінде қызметке кіріскеннен бір-екі жыл бойы көршілес елдерге маңызды сапарлар жасап, елдер арасындағы кедергілерді жойып, шекараларды ашты. Сондай-ақ, Ол бірегей сауда орталығын құру үшін Жібек жолы елдерін біріктіруге бет бұрды. Шавкат Мирзияев дүниежүзілік қорлар елдің іргетастарының беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі болуы үшін бүкіл әлемнен, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-тан Өзбекстанға инвестиция салуға жол ашты. Осылайша әлемге жол тек Мәскеу немесе Пекин арқылы немесе олигархтар тобы әлде әулетті жандар арқылы ғана емес, бәлкім басқа балама жолдарын қолдануға болатындығын көрсете білді», - делінген мақалада. 

Автордың пікірінше, Өзбекстан мысалында «география - бұл тағдыр» деген ережеден бас тартатын елді көру мүмкін. Өйткені Өзбекстан, гегемонияның ұлы державаларының көлеңкесінде қалмас үшін бостандық пен тәуелсіздікке қарай ұмтылуда.

Малик Кайлан,
журналист