Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Forbes: Илон Маск әлемдегі ең бай адам
09:45 / 2022-04-06

Forbes журналы 2022 жылғы әлемдегі ең бай адамдар рейтингін жариялады. Онда Илон Маск 1 орында тұр.

Tesla және SpaceX негізін қалаушы өнертапқыш Илон Масктың байлығы 219 млрд долларға теңесскен (68 млрд долларға өскен).

Рейтингтің екінші сатысында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос орналасқан. Оның байлығы 171 миллиард долларға бағаланған (6 млрд доллардан азайған).

Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернард Арно 158 миллиард доллармен (8 млрд долларға өсті) үшінші орынға жайғасқан.

Forbes сараптамасы бойынша 2022 жылдағы ең бай азаматтардың ТОП-10 рейтингі мынадай:

  • Илон Маск, 50 жаста (Tesla, АҚШ) – 219 млрд; 
  • Джефф Безос, 58 жаста (Amazon, АҚШ) – $171 млрд;
  • Бернар Арно, 73 жаста (LVMH, Франция) – $158 млрд;
  • Билл Гейтс, 66 жаста (Microsoft, АҚШ) – 129 млрд; 
  • Уоррен Баффет, 91 жаста (Berkshire Hathaway, АҚШ) – 118 млрд;
  • Ларри Пейдж, 49 жаста (Google, АҚШ) – $111 млрд;
  • Сергей Брин, 48 жаста (Google, АҚШ) – 107 млрд;
  • Ларри Эллисон, 77 жаста (Oracle, АҚШ) – 106 млрд;
  • Стив Балмер, 66 жаста (Microsoft, АҚШ) – 91,4 млрд; 
  • Мукеш Амбани, 64 жаста (Reliance Industries, Үндістан) – 90,7 млрд доллар.