Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Флойд Мейвезер мен видео-блогер арасындағы жекпе-жек күні белгілі болды
10:54 / 2021-04-23

Бокста 50 жекпе-жек өткізген бәрінде жеңіске жеткен американдық былғары қолғап шебері Флойд Мейвезер 5 маусымда танымал YouTube блогері Логан Полға қарсы рингке шығады.

Жылдың үздік шоу жекпе-жегін өткізуге Лас-Вегас, Лос-Анджелес, Майами, Даллас және Атланта қалалары үміткер ретінде қарастырылуда. Кешті «Showtime» телеарнасы көрсететін болады.

Карерасын 2015 жылда ресми аяқтаған 44 жасты бокс аңызы Мейвезер соңғы рет 2018 жылдың желтоқсанында рингке шыққан. Ол сонда жапондық кикбоксшы Теньшин Насукаваны тізе бүктірген. Ал 26 жастағы Пол 2020 жылы блогер KSI-мен жұдырықтасып тең түскен еді.