Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Флорида штатында дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10:23 / 2024-10-09

АҚШ-та «Милтон» атты жаңа күшті дауылға дайындық жүргізілуде, ол Флорида штатының бір бөлігіне үлкен қауіп төндіруде.

Бұл дауыл штат жақында болған «Хелен» дауылынан толықтай қалпына келмей жатып соғатын түрі бар, сондықтан төтенше жағдай жарияланды. Мамандар «Милтон» тарихтағы ең жойқын дауылдардың бірі болуы мүмкін деп ескертуде.

«Милтон» қазірдің өзінде 5-санаттағы дауыл деңгейінге жетіп, желдің жылдамдығы сағатына 287 шақырымға дейін артып, қауіп күшейе түсуде. Штат тұрғындары су және басқа қажетті өнімдерді қор ретінде жинап, апатқа дайындалуда.

Синоптиктер дауылдың күші қолданыстағы санаттан асып кетуі мүмкін екенін ескертіп, табиғи апаттың қаншалықты жойқын болатынын ескерткен.