Флорентино Перес «Реал Мадрид» клубының президенті болып қайта сайланды
74 жастағы спорт қайраткері Флорентино Перес, «Реал Мадрид» клубының президенті болып алтыншы рет қайта сайланды.
AS басылымының дерегінше, Перес бұл лауазымға жалғыз үміткер болып, дауыс беру рәсімі өтпеген. Сондықтан сайлау комиссиясының отырысында оның қызметі автоматты түрде ұзартылған. Жаңа келісім бойынша Перес Мадридтік клубты 2025 жылға дейін басқарады.
Ол соңғы 12 жыл ішінде «Корольдік» клубын басқарып келеді. Ал бұған дейін «Реалды» 2000-2006 жылдар аралығында басқарған. Оның қызметі кезінде «галактикостар» 47 титул жеңіп алған, соның алтауы Чемпиондар лигасының кубогы.