Сәуір айында Италияның екі қаласында – Флоренция мен Венецияда «Өзбекстан: Шөлдегі авангард» көрмесі ашылады.
Осы жоба арқылы Мәдениет пен өнерді дамыту қоры итальяндық және әлем жұртшылығына ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы өнер тарихының маңызды, бірақ біршама белгісіз тарауын ұсынады. Көрме екі бөлімнен тұрады және Венециядағы Ка-Фоскари университетінің көрме алаңында «Кескін және символ» және Флоренциядағы Питти сарайында «Нұр және рең» атты тақырыпта өтеді.
Ка-Фоскари университетінің жанындағы орыс өнер зерттеу орталығының өкілдері Сильвия Бурини мен Джузеппе Барберидің кураторлығымен өтетін көрмелерде ХХ ғасырдың бірінші жартысында жасалған 172 картина мен фотосуреттер, Игорь Савицкий атындағы Қарақалпақстанның мемлекеттік өнер музейі мен Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейініне сақталып жатқан ұлттық сәндік-практикалық өнер бұйымдары көрсетіледі.
Қордың хабарлауынша, бұл таныстырылып Өзбекстанның ХХ ғасыр өнерінің ең маңызды екі мұражайының коллекциялары арасындағы байланысты көрсететін жоғары деңгейдегі бірінші жоба болып табылады.
«Өзбекстан: Шөлдегі авангард» көрмесінің «Нұр мен рең» тұсаукесері 2024 жылдың 16 сәуірінен 30 маусымына дейін жалғасады. «Кескін және символ» жобасы келушілерді 17 сәуір мен 29 қыркүйек аралығында көрме алаңына шақырады.