Физика саласы бойынша Нобель сыйлығы электрондарды зерттеген ғалымдарға берілді
2023 жылғы Физика саласы бойынша Нобель сыйлығы электрондар туралы зерттеулері үшін АҚШ, Германия және Швецияның үш ғалымына берілді.
Нобель комитетінің 3 қазанда жариялаған шешіміне сәйкес, Огайо университетінен (АҚШ) Пьер Агостини, Макс Планк институты және Мюнхендегі Людвиг-Максимилиан университеті (Германия) қызметкері Ференц Краус және Лунд университетінен (Швеция) Анн Л-Юле 2023 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.
Сыйлық ғалымдарға атомдар мен молекулалардағы электрондарды зерттегені үшін берілді.

Еске салар болсақ, 2022 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығын кванттық технологияның жаңа дәуірін бастаған эксперименттік құралдарды әзірлегені үшін америкалық Джон Клаузер, француз Ален Аспект және австриялық Антон Цайлингер лауреат атанған еді.