Физика бойынша Нобель сыйлығы жасанды интеллектті дамытқан ғалымдарға берілді
Физика бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы жасанды интеллектті дамытудағы ғылыми жетістіктері үшін Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға берілді.
Нобель комитеті америкалық және британ-канадалық ғалымдарды жасанды нейрондық желілер көмегінде Machine Learning негізін қалаған жаңалықтары үшін марапаттады.
Хопфилд пен Хинтонның статистикалық физика саласындағы зерттеулері жасанды нейрондық желілердің дамуына жол ашты, бұл бүгінгі таңда жасанды интеллекттің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда.
Бұл еңбектер жасанды интеллекттің әлдеқайда қуатты және тиімді модельдерін жасауға мүмкіндік берді.