English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Finnair Скандинавия елдерінен Өзбекстанға әуе рейсін орындауды жоспарлауда
11:05 / 2022-10-06

Финляндияның Finnair әуе компаниясы Скандинавия елдерінен Өзбекстанға әуе рейсін орындауды жоспарлауда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанның Латвиядағы Елшілігі, Инвестициялар министрлігі, «Uzbekistan Airports» және Finnair әуе компаниясы өкілдерінің қатысуымен бейне-конференция түрінде кездесу өтті.

Кездесуде Finnair әуе компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс департаментінің директоры Т.Коскинен Өзбекстанға келгісі келетін Скандинавия елдерінен туристер үшін тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылап, әуе компаниясының осы бағыттағы жоспарларымен бөлісті.

Әуе компаниясы «Uzbekistan airways» әуе компаниясымен «Код-шер» коммерциялық келісімдері негізінде жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы бағытында рейстерді жүзеге асыруға мүдделі екенін жариялағаны айтылады хабарламада.