Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Финляндияда қағаз тапшылығына байланысты газеттер шығуын тоқтатуы мүмкін
17:12 / 2022-03-23

Финляндияда баспа қағазы тапшылығына байланысты алдағы апталарда газет шығару тоқтап қалуы мүмкін.

Yle порталының хабарлауынша, бұл жағдай Ресейден әкелінетін баспа қағаз тапшылығына байланысты орыналуда.

Мәселе сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігінен, UPM жұмысшыларының ұзақ ереуілінен және Украинадағы арнайы операция жағдайынан туындап отыр,-деген БАҚ одағының атқарушы директоры Юкка Холмберг.

Оның айтуынша, UPM зауытындағы ереуілге дейін фин газеттерінің шамамен 20% ресейлік қағазда басылған. Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы басталғаннан кейін Ресейден қағаз әкелу тоқтатылды.

Осыған байланысты газет қағазының бағасы өткен жылы тоннасына 390 еуродан 670 еуроға дейін көтерілген.

Газет қағазы қазір Финляндияда тек UPM компаниясының Ямсянкоскидегі зауытында шығарылады.