Финляндия шекаралық шектеулерді ұзартты
Финляндия коронавирустық пандемияға байланысты трансшекаралық саяхатқа шектеулерді 16 қаңтарға дейін ұзартты.
Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 21 желтоқсаннан бастап елге келушілерден ПТР сынақтары талап етілмек. Ол сапарға шығардан 48 сағат бұрын алынған болуы керек.
«Финляндияда күшінде болған сыртқы шекарадан кіруге қойылған шектеулер сақталады, денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Шешім 16 қаңтарға дейін жарамды", — делінген хабарламада.
Үкіметтің шешіміне сәйкес, ЕО және Шенген аймағынан тыс жерлерден келетін және коронавирусқа қарсы екпелердің толық сериясын алған жолаушылар 21 желтоқсаннан бастап елге кіруден 48 сағат бұрын алынған теріс ПТР сынамасын көрсетуі керек.