Финляндия 22 қарашаға қараған түні көптеп келіп жатқан мигранттарға байланысты Ресеймен шекарасын толығымен жабуды көздеп отыр.
Бұл туралы финдік Iltalehti басылымы сыртқы саясат және қауіпсіздік саласындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның сұхбаттастары Хельсинки Үкімет мұндай шешімді дүйсенбі күні-ақ қабылдауы мүмкін екенін айтты, бірақ басылым кейінірек бұлай болмайтыны туралы хабардар болған.
Өткен аптада алғашқы 5 бақылау-өткізу бекеті жабылды. 18 қарашаға қараған түні Финляндия Ресеймен шекарадағы 9 шекара пунктінің 4-ін жапты. 18 ақпанға дейін шекараның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі «Иматра», «Ниирала», «Нуйямаа» және «Ваалимаа» бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысы тоқтатылды. 19 қарашада бесінші «Вартиус» өткізу пункті уақытша жабылды. Бұған дейін Финляндия үкіметі Вартиустағы шекарашыларға көмектесу үшін қарулы күштерін жіберген болатын.
Финляндия билігі Ресеймен шекараны жабу шешімін үшінші елдерден Ресей аумағы арқылы өтетін заңсыз иммигранттар ағынының күрт өсуімен негіздеп отыр.