Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапарын аяқтап, еліне аттанды. Жоғары мәртебелі мейманды Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Хужаев пен өзге де ресми тұлғалар шығарып салды.
Сапар бағдарламасында жоғары деңгейдегі келіссөздермен қатар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және еліміздегі бірқатар ұйымдардың қызметімен танысу шаралары өтті.

Атап айтқанда, Ташкент қаласында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан мен Финляндия арасындағы көпжақты ынтымақтастықты — ең алдымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.


Тараптар өзара сауда көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы, экология, химия, энергетика, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және өзге де инновациялық салалардағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударды. Сондай-ақ еңбек миграциясы, мәдениет және білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бағытындағы өзара іс-қимылдар қаралды.


Бұл сапар тек әріптестікті нығайтып қана қоймай, елдер арасындағы достық рухын да тереңдете түсті. Александр Стуббтың сөзінше, «Өзбекстан – заманауи реформалар арқылы болашағына нық қадам басып келе жатқан ел».
Б.ХУДОЙБЕРДИЕВ,
Н.ХАЙДАРОВ (сурет),
ӨзА