French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
17:53 / 2025-10-31

31 қазан күні Көксарай резиденциясында Өзбекстан Республикасында ресми сапармен жүрген Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Резиденция алдындағы алаңда екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, Құрмет қарауылы сап түзеді.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды ыстық ықыласпен қарсы алып, мінберге шақырды.

Өзбекстан мен Финляндияның мемлекеттік гимндері орындалды. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылы сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Салтанатты рәсім аяқталған соң, естелік суретке түсіп, делегациялардың қатысуымен жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.