Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Финляндия Президенті Өзбекстанға келді
23:50 / 2025-10-29

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб 29 қазан күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Жоғары мәртебелі мейманды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Кездесулер барысында Өзбекстан мен Финляндия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты, ең алдымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда кеңейту мәселелері талқыланады.

[gallery-25982]

Сонымен қатар өзара сауда көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы, экология, химия, энергетика, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және басқа да инновациялық бағыттардағы кооперацияны жолға қою мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Келіссөздерде сондай-ақ еңбек көші-қоны, мәдениет, білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізу салаларындағы әріптестік жайы қарастырылады.

Тараптар халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер мен көпжақты ұйымдар аясындағы өзара қолдау туралы да пікір алмасады.

А.РУСТАМОВ, Н.ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА