Финляндия президенті елдің НАТО-ға кіруі туралы заңға қол қойды
Финляндия президенті Саули Ниинистё елдің НАТО-ға кіруі туралы заңға қол қойды.
1 наурызда Финляндия парламенті НАТО-ға кіру туралы заң жобасын мақұлдады. 184 депутат жобаны «мақұлдаса», 7-і «қарсы», 1-і «бейтарап» дауыс берді, тағы 7 депутат қатыспады.
2022 жылдың мамыр айында Швеция мен Финляндия НАТО-ға мүшелікке өтініш беретінін ресми түрде жариялады.
Енді Финляндияның НАТО-ға кіруі үшін альянсқа мүше он шақты мемлекет өтініш берушінің өтінішін қолдауы керек.
Бұған дейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг екі елдің де «НАТО-ға ерікті түрде қабылдануы мүмкін» деп мәлімдеген. Дегенмен, бұл үдеріс альянстың қазіргі 30 мүшесінің бірауыздан қолдауы қажет.