Финляндия барлық COVID шектеулерін алып тастауға дайындалуда
Финляндия 1 ақпаннан бастап коронавирус шектеулерін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Жоспарға сай бір айдың ішінде шектеулердің барлығы жойылады.
Премьер-министр Санна Марин мәлімдеуінше, ақпан айының басынан бастап Финляндияға Шенген аймағындағы елдерден келетіндер үшін шекаралық бақылау тоқтатылады.
Yle порталының дерегінше, 1 ақпаннан бастап қоғамдық тамақтану орындарына сағат 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бірақ алкогольдік ішімдіктер ұсынатын мекемелер бұрынғысынша кешкі сағат 17:00-де алкогольді сатуды тоқтатып, кешкі 18:00-де жабылуы керек.
Мейрамханалар тұтынушылардан COVID сертификатын талап ету құқығын сақтай алады және ауру ең көп тіркелген ел астанасының өңірінде бұрын жабылған фитнес залдары мен бассейндер ашылады.