Филиппиннің оңтүстігіндегі көшкіннен қаза тапқандар саны 54-ке жетті
Филиппиннің оңтүстігіндегі көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 54-ке жетті.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта құтқарушылар із-түссіз жоғалған 63 адамды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
6 ақпан күні кешке Давао-де-Оро провинциясының таулы Мако қаласында көшкін жүріп, бірнеше үй, көлік және ондаған тұрғын үйінді астында қалған еді.
Қаланың табиғи апаттарды жою басқармасының хабарлауынша, кем дегенде 32 адам зардап шекті, бірақ қайғылы оқиғадан аман қалды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, көшкін Мако муниципалитетіндегі төрт ауылда 1347 отбасын басып қалған, яғни 5431 адам зардап шеккен.
2022 жаһандық апаттар қаупі индексіне сәйкес Филиппин әлемдегі табиғи апаттарға ең бейім елдер тізімінде алғашқы орында болған.