Филиппинде «Торажи» тайфуны салдарынан 2,5 мың адам эвакуацияланып, порттар жабылды.
AFP хабарлауынша, бұл елде соңғы бір ай ішінде соққан төртінші тайфун, ал алдыңғы табиғи апаттар салдарынан 159 адам қаза тапқан болатын.
Тайфун Филиппин астанасы Маниладан 220 километр оңтүстік-шығыста орналасқан Диласаг қаласына соққан. Ұлттық метеорология агенттігі қазіргі уақытта құрбандар немесе жарақат алғандар туралы қазірге ақпарат бермеді.
Диналунган қаласының азаматтық қорғаныс басшысы Мервини Паблеоның айтуынша, жағалауда қатты жел мен су тасқындары басталған.
Хабарда айтылуынша, желдің максималды жылдамдығы сағатына 130 километрге жеткен. Табиғи апат солтүстік-батыс бағытында қозғалып, Оңтүстік Қытай теңізі аумағына енуі болжанып отыр. Тайфунның салдарынан кейбір аймақтарда мектептер мен үкімет мекемелері жабылған.
Еске салар болсақ, қазан айының соңында Филиппинге соққан «Трами» тропикалық тайфуны нәтижесінде су тасқындары мен көшкіндерден қаза тапқандар саны 110 адамға жеткен еді.
Айта кетейік, Филиппинде шамамен 7 мың арал бар, жылына орта есеппен 20-ға жуық тайфун соғады. «Трами» – 2024 жылдың басынан бері тіркелген 11-тайфун.