Филиппиндегі тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны 48-ге жетті
Филиппиндегі «Бутчой» және «Карина» тропикалық дауылы салдарынан болған су тасқыны мен көшкін құрбандарының саны 48 адамға жетті.
Филиппиннің табиғи апаттар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық агенттігінің (PNA) мәліметі бойынша, тропикалық дауылдан 6,2 миллион адам зардап шекті, сонымен қатар 8 574 ғимаратты зақымдады.
Сондай-ақ, 36 мыңға жуық адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.
Шілде айында Филиппиндегі тропикалық циклондар елде шамадан тыс жауын-шашын, су тасқыны мен көшкіндерді тудырды.
118 облыс пен ауданда «төтенше жағдай» жарияланды.