Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Филиппиндегі тайфуннан қаза тапқандар саны 200-ден асты
14:18 / 2021-12-20

Филиппиннің орталық және оңтүстік провинцияларын шарпыған «Рай» тайфуны құрбандарының саны 208-ге жетті.

AFP порталының мәліметінше, құрбандардың көпшілігі Себу мен Бохол аралдарында қаза тапқан.

Елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігі аралдарға келтірілген залалды бағалауда қиындық көріп отыр. Бұл электр қуатының үзілісі, инфрақұрылымға жеткен залалмен байланысты.

Үкімет апаттан зардап шеккен аудандарға су, азық-түлік, шатырлар және басқа да қажеттіліктерді жеткізу үшін 2 миллиард песо (40 миллион доллар) бөлетінін мәлімдеді.

Филиппин президентінің баспасөз хатшысы Карло Ногралес су тасқынына дейін 332 мың адамның эвакуацияланғанын айтты.