English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Филиппинде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты
15:35 / 2021-06-24

Филиппин астанасы Маниланың солтүстігінде ел әскери-әуе күштеріне тиесілі болған S-70i Black Hawk тікұшағы бейсенбіге қараған түні апатқа ұшырады.

Синьхуа агенттгінің хабарлауынша, апат салдарынан экипаждың үш мүшесі және үш адам қаза тапқан.

«Апатқа ұшыраған тікұшақтағы алты адамның ешқайсысы тірі табылмады», - делінген Филиппин әуе күштері хабарламасында.

Әуе көлігі Тарлак провинциясындағы Капас әуе базасынан бірнеше шақырым жерде түнгі жаттығу орындау кезінде апатқа ұшыраған. Бұл жағдай тікұшақ базаға оралмағаннан кейін оны іздеу жұмыстары басталғанда белгілі болды.

Бұған дейін, жыл басында Филиппиннің оңтүстік Букиднон провинциясында Bell UH-1 Iroquois әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Онда жеті адам апаттың құрбаны болған еді. Апатқа қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.