Филиппинде өрт салдарынан мыңға жуық үй күлге айналды
Филиппин астанасы Манилада 24 қараша таңынан бері жалғасқан өрт салдарынан мыңға жуық үй күлге айналды.
Манила өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт Исла-Путтинг-Бато ауданындағы үйлердің бірінің екінші қабатында басталып, тез арада басқа үйлерге тараған. Өрт болған аймақта шамамен 2 мың отбасы тұрады.
«Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 36 жүк көлігі, 4 өрт сөндіру катері және елдің Әуе күштеріне тиесілі екі тікұшақ жұмылдырылған.
Хабарламада бұл аймақтағы үйлердің жанғыш материалдардан салынғаны өртке төзімсіз екенін атап өтілген.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Маниладағы аудандардың бірінде болған ірі өрт салдарынан шамамен 15 мың адам баспанасыз қалған еді.