Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Филиппинде COVID-19 індетінің салдарынан 15 мыңнан астам тұтқын босатылды
09:24 / 2020-07-03

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше Филиппинде қазір 38,8 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған


Филиппинде коронавирустың жаңа түрі тарауына байланысты 17 наурыз бен 22 шілде аралығында 15 мыңнан астам тұтқын босатылған.

«Philippine Star» басылымының ішкі істер және жергілікті басқару министрлігіне сілтеме жасай хабарлауынша, осы уақыт аралығында 15 322 тұтқын азаттыққа шыққан. Босатылғандардың басым көпшілігі болмашы қылмыстар жасаған қарт адамдар.

Бұл жағдай Филиппиндегі түрмелерде тұтқындардың саны көбейіп кеткендіктен, олар әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін сақтай алмайтындығы айтылған. 2 шілдедегі жағдай бойынша түрмелерде және Пенология бюросына (BJMP) қарасты мекемелерде сотталғандардың арасында 783 коронавирус жұқтырғандар тіркелген және 135 қызметкер коронавирус жұқтырған.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше Филиппинде қазір 38,8 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 1,3 мыңға жуық кісі осы індеттен көз жұмса, 10,6 мыңнан астам азамат аурудан сауыққан.