Филиппин әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты
Филиппиндік әскери ұшақ сәрсенбі күні оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады.
Ел әуе күштерінің ресми өкілі Мария Консуэло Кастильоның мәлімдеуінше, екі ұшқышы бар SF260 ұшағы Маниланың батысындағы Батаан провинциясында құлаған.
«Біз ұшақпен ол әуеге көтерілгеннен кейін 30 минуттан астам уақыт өткен соң байланыс үзілді», - деген ол.
Жергілікті DZBB радиосы Батаандағы Пилар қаласында ұшақтың қалдықтары мен екі ұшқыштың да мәйіттері табылғанын хабарлады.