French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Филиппин маңында 1500 тонна мұнай тиелген үлкен танкер суға батып кетті
15:53 / 2024-07-25

Филиппин жағалауында 1500 тоннадан астам мұнай тиелген алып танкер суға батып кетті.

ВВС хабарлауынша, Филиппин туы бейнеленген MT Terra Nova танкері белгісіз себептермен суға батып кетті. Кеме Филиппиннің орталығындағы Илоило қаласына бара жатқан.

Әзірге танкер ішіндегі 16 экипаж мүшесі құтқарылған, бір азамат із-түзсіз жоғалған. Оны табу үшін құтқару тобы құрылды.

Филиппиннің көптеген шенеуніктері шығанақтың мұнаймен ластануына алаңдаушылық білдірген. Суға батқан кеменің қоры орасан зор болғандықтан, бұл ел тарихындағы ең үлкен мұнай ластануы болып, теңіз қозғалысын шектеуі мүмкін.