Филадельфия қаласында атыс болып, төрт адам қаза тапты
Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында атыс болып, төрт адам қаза тауып, екі кәмелетке толмаған бала жараланды.
NBC News хабарлауынша, атыс Кингсессинг ауданында болған. Зардап шеккен 2 және 13 жастағы ұлдар ауруханада жатыр, олардың жағдайы тұрақты. Күдікті қамауға алынды.
Филадельфия полициясының комиссары Даниэль Оулау баспасөз мәслихатында қаза тапқандардың барлығы ер адамдар екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, оқ атқан адамның үстінде оқ өтпейтін жилет, бірнеше оқ-дәрілер, AR типті мылтық, тапанша және полиция сканері болған.