ФИФА жылдың соңында «The Best» сыйлығын табыстайды
2016 жылдан бастап жылдың үздік футболшысына беріле бастаған «The Best Awards» марапаттау рәсімі ФИФА биыл өтпейтінін жариялаған болатын. Алайда бұл марапат жыл соңында табысталады деген жаңалық тарай бастады.
«Globe Esporte» басылымының хабарлауынша, жүлделер табысталатын болады, бірақ нақты күні әзірше белгіленбеген. Дауыс беру 25 қараша мен 9 желтоқсан аралығында өтеді.
2019/20 маусым қорытындысына орай сыйлық үздік футбошы, әйел ойыншыға және үздік бапкерге беріледі.
Өткен жылы осы марапаттың ақтық сынына үш футболшы Вирджил ван Дейк (Ливерпуль), Криштиану Роналду (Ювентус), Лонель Месси (Барселона) өткен болып, соңында көп дауыс жиған аргентиналық аладоп шебері Месси алған болатын.