ФИФА жыл командасына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады
ФИФА мен ФИФПро аяқталуға жақын 2021 жылдың үздік ұлттық құрамасы сапына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады.
Олар қатарында мына футболшылар бар:
- Қақпашылар: Алиссон Бекер, Джанлуидзи Доннарумма, Эдуард Менди.
- Қорғаушылар: Давид Алаба, Джорди Альба, Трент Александр-Арнольд, Дани Алвес, Леонардо Бонуччи, Рубен Диаш.
- Жартылай қорғаушылар: Серхио Бускетс, Кевин де Брюйне, Бруно Фернандеш, Фрэнки де Йонг, Джорджино, Нголо Канте.
- Шабуылшылар: Карим Бензема, Криштиану Роналду, Эрлинг Холланд, Роберт Левандовски, Ромелу Лукаку, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Неймар.
Жылдың үздік құрамасы 2022 жылдың 17 қаңтарында «The Best» марапатын табыстау рәсімінде жарияланады.