ФИФА жер сілкінісіне байланысты Түркияның трансферлік мерзімін ұзартты
ФИФА Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты трансферлік терезені 18 ақпанға дейін ұзартқанын хабарлады.
«Түркиядағы табиғи апаттан туындаған ерекше жағдайды ескере отырып, ФИФА Кеңесінің Бюросы Түрік футбол қауымдастығының (TFF) TMS-те екінші тіркеу мерзімін 2023 жылдың 18 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген ФИФА-ның Твиттерде жаияланған мәлімдемесінде.
Бұған дейін Түркияда барлық спорттық шаралар тоқтатылған еді.