ФИФА, УЕФА, АФК және тағы төрт құрлықтық конфедерация Еуропа Суперлигасы турнирінің құрылуына қарсы болды.
Ресми ақпаратқа сай, «Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Еуропа Суперлигасы турнирінің құрылуы туралы хабарламаларға байланысты, ФИФА және басқа конфедерациялар мұндай жарысты мойындамаймыз. Бұл турнирде қатысатын кез-келген клуб немесе ойыншы ФИФА мен конфедерациялар ұйымдастырған жарыстардан шеттетіледі.
ФИФА клубтар арсындағы футболдан мойындайтын жалғыз халықаралық жарыс - бұл клубтар арасындағы Әлем чемпионаты. Ал, ФИФА мойындаған құрлықтық жарыстарды конфедерациялар ұйымдастырады.
Спорттық ынтымақтастықтың және қосалқы серіктестіктің әмбебап принциптері - бұл футбол пирамидасының негізі, ол футболдың жаһандық жетістігін қамтамасыз етеді. Осы қағидалардың арқасында футбол ұзақ және сәтті тарихқа ие. Әлемдік және құрлықтық жарыстарға қатысу әрқашан алаңдағы ойын арқасында жеңіске жетуі керек, делінген хабарламада.
Бұған дейін Еуропа жасыл алаңдарында ойын көрсететін үздік клубтардан құралған жаңа «Еуропа Суперлигасы» турнирін ұйымдастырылатыны жайлы ақпрат шығып, онда АПЛ-дің 6 клубы және Еуропалық танымал клубтар осы жарысқа қатысқаны үшін әрбір клуб 350 млн еуро көлемінде қаржыға ие болатынын жайлы хабар тараған болатын.