ФИФА «The Best» сыйлығын табыстау кешін 2022 жылда өткізеді
ФИФА тарапынан 2016 жылдан бастап жылдың үздік футболшыларына беріле бастаған «The Best Awards» марапаттау рәсімінің биылғы табыстау кеші 2022 жылда өтеді.
Халықаралық футбол федерациясының дерегінше салтанатты шара 2022 жылдың 17 қаңтары күні Цюрихтегі штаб-пәтерде онлайн форматта өтпек. Ал үздіктерді анықтауға дауыс беру 22 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жоспарланған.
Дәл осы күні 2021 жылдың ең әдемі голы үшін берілетін Ференц Пушкаш сыйлығының иегері де анықталады.
Еске сала кетсек, өткен жылы «The Best» сыйлығы «Бавария» клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскиге нәсіп еткен болатын.