ФИФА The Best салтанатының өтетін күнін жариялады
ФИФА The Best марапаттау рәсімі 2023 жылдың 27 ақпанында өтеді.
12 қаңтарда басталатын дауыс беру қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдерге келесі номинациялар бойынша марапаттар беріледі: үздік ойыншы, үздік жаттықтырушы, үздік қақпашы, фэйр-плей сыйлығы, үздік гол үшін Пушкаш сыйлығы және жанкүйерлер марапаты. Сонымен қатар жылдың символдық командасы да анықталады.
The Best марапатына футболшылардың 2021 жылдың 8 тамызы мен 2022 жылдың 18 желтоқсаны аралығындағы жасыл алаңдағы өнеріне қарай дауыс берілмек.