English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА «The Best» марапатна үміткерлер тізімін жариялады.
11:59 / 2021-11-23

ФИФА 2021 жылдың үздік ойыншысына берілетін «The Best» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.

Үміткерлер қатарында Карим Бензема («Реал»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Эрлинг Холланд («Боруссия Дортмунд»), Джорджино, Нголо Канте («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария»), Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Неймар (ПСЖ) және Мухаммад Салах («Ливерпуль») сынды футболшылар ФИФА-ның бас жүлдесіне таласуда.

2016 жылдан бастап футбол тарихына енген номинацияның жеңімпазы, ұлттық құрамалардың бас бапкерлері, капитандары және жергілікті федерациялардың баспасөз хатшылары арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Сауалнама 23 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Халықаралық футбол федерациясының дерегінше марапатты табыстауға арналған салтанатты шара 2022 жылдың 17 қаңтары күні Цюрихтегі штаб-пәтерде онлайн форматта өтпек.