2016 жылдан бастап жылдың үздік футбол майталмандарына беріле бастаған «The Best Awards» сыйлығының үміткерлері жарияланды.
Халықаралық футбол федерациясы ФИФА «Жылдың үздік футболшысы», «Жылдың үздік қақпашысы» және «Жыл бапкері» номинанттарын жариялады. Онда үздік ойыншыға үміткерлер қатарында Криштиану Роналду, Лионель Месси және «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски бар.

Атаулы номинаци бойынша жалпы әлемнің үздік 12 футболшы таңдалған: Неймар, Серхио Рамос, Мұхаммед Салах, Тиаго Алькантара, Кевин Де Брюйне, Садио Мане, Килиан Мбаппе, Вержил ван Дейк.
Өткен жылы осы марапаттың ақтық сынына үш футболшы Вирджил ван Дейк (Ливерпуль), Криштиану Роналду (Ювентус), Лонель Месси (Барселона) өткен болып, соңында көп дауыс жиған аргентиналық аладоп шебері Месси алған болатын.
ФИФА «The Best Awards-2020» сыйлығына дауыс беруді 25 қараша мен 9 желтоқсан аралығына белгілеген. Ал марапаттау рәсімін 17 желтоқсанда өткізеді.
Жылдың үздік жаттықтырушылары:
- Марсело Биелса (Аргентина / Лидс Юнайтед ФК)
- Ханс-Дитер Флик (Германия / Бавария Мюнхен)
- Юрген Клопп (Германия / Ливерпуль ФК)
- Хулен Лопетеги (Испания / Севилья ФК)
- Зинедин Зидан (Франция / Реал Мадрид)

Ерлер арасындағы жылдың үздік қақпашылары арасында: Алиссон Беккер, Тибо Куртуа, Кейлор Навас,Мануэль Нойер, Ян Облак, Марк-Андре тер Штеген снды мықтылар орын алған.
