English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ФИФА рейтингі: Өзбекстан құрамасы бір орынға көтерілді
12:46 / 2024-07-19

ФИФА ресми сайты ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Онда, Өзбекстан құрамасы бұл жолы бір сатыға көтеріліп 61-орынға жайғасты.

Сречко Катанец шәкірттері 2023 жылды 68-ші орында аяқтаса, Қатарда өткен Азия кубогынан кейін 66-шы орынға көтерілді.

ФИФА рейтингінде Аргентина құрамасы 1-ші орында, Франция 2-ші орында. Еуропа чемпионы атанған Испания 8-ші орыннан 3-ші орынға көтерілді. Англия 5-ші орыннан 4-ші орынға көтерілді. Бразилия 5-орынға, Бельгия 6-орынға төмендеді. Үздік ондыққа Нидерланды (7), Португалия (8), Колумбия (9) және Италия (10) енген.

Азияның үздік 10 командасының қатарында Жапония көш бастап тұр – 18-орында, Иран (20) мен Оңтүстік Корея (23) үшінші орында. Австралия (24), Қатар (34), Ирак (55), Сауд Арабиясы (56), Өзбекстан (61), Иордания (68) және БАӘ (69) орынға жайғасқан.